«Өз үйім»

   18 сәуірде бас ғимараттың 338 аудиториясында студенттер жəне магистранттар арасында «Жастар жылына» арналған «Өз үйім» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға “Жилстройсбербанктің” кеңесшісі Казбек Арманұлы қатысты. Ол студенттерге келесі бағдарламалар туралы айтты: «7-20-25»; «Доступное жилье»; «Свой дом», жəне де студенттердің қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

                          ЖССБССБ2

FIFA бойынша киберспорттық турнир

   2019 жылдың 11 наурызында «Stay Play» ойын-сауық мекемесінде FIFA бойынша киберспорттық турнир өтті. Бұл шараға Инновациялық технологиялар факультетінің 1-2 курс студенттері қатысты. Турнирге қатысушы жұптар лотпен белгіленді.

   Қорытынды бойынша: 
1 орын: Орман Руслан Нұржанұлы;
2 орын: Кожахмет Адиль Еркенович; 
3 орын: Рахымбаев Мирас. 

   Турнирді ұйымдастыруға үлес қосқаны үшін демеушіміз «Stay Play» ойын-сауық мекемесіне алғысымызды айтамыз!

                    ahmodbtxVWk  YfaffDKFcFk

Фотосуреттерді «Вконтакте» әлеуметтік желісінен көре аласыздар

«ARMANDASTAR ASPAZY»

   2019 жылдың 6 наурызында «Армандастар Ордасы» жатақханасында «ARMANDASTAR ASPAZY» атты ерлер арасындағы аспаздық сайыс өтті.

   Сайысқа «Армандастар Ордасы» жатақханасында тұратын 8 студент қатысты. Cайыс 3 кезеңнен тұрды. Cайыс барысында қатысушылар «Мимоза» салатын дайындап, аспаздық өнерлерін ортаға салды. Сайыстың соңғы сәтінде әділ-қазыларға жеңімпаз атағына лайықты қатысушыны таңдау қиын болды.

   Әділ-қазылардың шешімі бойынша ИС-18-1 тобының студенті Тлеулесов Дидар жеңімпаз атанды. Аспаздық сайыстың жеңімпазы «Ең үздік аспаз» және демеушіміз «SETKA» трамплиндер орталығынан 4 сертификатқа ие болды.

                     OBx2m8IUfpg vgMgaFK0Lcw

Фотосуреттерді «Вконтакте» әлеуметтік желісінен көре аласыздар

«Код да Винчи»

   2019 жылдың 7 наурыз күні «Жастар Әлемі» жастар сарайында ҚарМТУ студенттері арасында «Зияткер» интеллектуалдық ойындар жиынының «Код да Винчи» атты екінші кезеңі өткізілді. Ойынға «Что? Где? Когда?» атты бірінші кезеңінен алдыға суырылып жолдама алған 12 топ қатысты. Екі күн нәтижесі бойынша ең жоғарғы ұпайды иеленген топ «Cұңқар»(ТКФ). Нәтижелер кестесіндегі соңғы 4 орынды алған командалар соңғы кезеңге дейін Зияткерлік ойындар сериясынан шығарылады.

                      9SGXBNg_FX8 QLKO_U_PIRA

Фотосуреттерді «Вконтакте» әлеуметтік желісінен көре аласыздар

Облыстық балалар клиникалық ауруxанасына сапар

   2019 жылдың 9 наурызында «Ақниет» ЖҚҰ-ның еріктілері Облыстық балалар клиникалық ауруxанасына сапар ұйымдастырды. Еріктілер 6 бөлімшенің балаларымен ойнап, олардың көңілдерін көтеріп қайтты.

                     BSluDvNOXR8 0CMqDWckKg4

Фотосуреттерді «Вконтакте» әлеуметтік желісінен көре аласыздар

Older posts «