«Біздің өміріміздегі энергияны үнемдеу» атты интеллектуалды ойын

     2018 жылдың 5 мамырында энергетика, автоматтика және телекоммуникация факультеті «Біздің өміріміздегі энергияны үнемдеу» атты интеллектуалды ойынын ұйымдастырды. Іс-шараға осы факультеттің 1,2,3 курсын оқитын студенттерден 5 команда қатысты. Ойынның соңында «Энергия» командасы бірінші орынды иеленіп, дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Ал «Мегавольт» жәнн «Импульс» командасы II, III орындарды иеленіп, мадақтама қағаздарымен марапатталды.

EuPGDqE8lqA Pv2adSehXqg

№ 5 ББДӨО-ның оқушыларымен кездесу

    4 мамыр күні №5 ЖОМ МКМ-нің базасында ҚарМТУ-дың жауапты хатшысы Талғат Жәкенұлы Макалаковтың № 5 ББДӨО-ның оқушыларымен кездесу өткізді. Потенциалды үміткерлермен ҚарМТУ КПЖ жұмыскерлері «Жас Орда» ҚарМТУ СҰҚ талапкерлермен жұмыс жасау орталығымен бірлесіп кездесуді ұйымдастырды.

     Диалог алаңы бос түрде өткізілді, оқушылар ЖОО-на түсу туралы сұрақтар қойды: қандай құжаттарды тапсыру керек? Тиісті нысанды қалай таңдауға болады? Қазіргі кезде қандай мамандықтар қажет?

     Барлық сұрақтарға университет студенттері мен оқытушыларынан жауаптар алды.

EdHxuEjDWPMEuPGDqE8lqA

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтар» атты дөңгелек үстел

    2018 жылдың 16 сәуірінде «Жас Орда» ҚарМТУ СҰҚ белсенділері, сондай-ақ білім беру жұмысы жөніндегі проректор Алпысбаева Назым Амангазиевнамен «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтар» атты дөңгелек үстел өтті.

     Елбасы үшін ең бастысы – білім беру, бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыру және оларды жаңғырту болып табылады.

n-w6tUa1syQ o6Ml04CAfmY

«Мистер и Мисс мектеп 2018»

     № 58 ЖОМ МКМ-нің қатысушылар мен «Жас Орда» ҚарМТУ СҰҚ абитуриенттермен жұмыс істеу Центрімен бірге мектептік өзін-өзі басқару тұжырымдамасының шеңберінде «Мистер и Мисс мектеп 2018» байқауын ұйымдастырды. ҚарМТУ-дан Астана қаласының Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ел жүрегi – Астана» фестивалінің жеңімпаздары қатысты!

   «Мистер и Мисс мектеп 2018» байқауына 5-10 сынып оқушылары қатысты. Жеңімпаздар тәждермен, мақтау қағаздарымен және естелік ленталармен марапатталды.


tW4b7m_PNMg 0FUNyoubzTs

«Мистер және мисс ҚарМТУ-2018»

  13 сәуір күні Кеншілер мәдениет сарайында «Мистер және мисс ҚарМТУ-2018» байқауы өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша «Мистер және мисс ҚарМТУ-2018» және 100 000 теңге сомасына сертификат, сондай-ақ «Altyntoi» іс-шара агенттігінен 100 000 теңге сомасына сертификаттың иегері Жексенбаев Еламан мен Омарова Әсель атанды.

    «I Вице Мистер және мисс ҚарМТУ-2018» және 60 000 теңге сомасына сертификат иегерлері Амамбаев Аян және Королева Юлия болды.
    «II Вице Мистер және мисс ҚарМТУ-2018» және 40 000 теңге сомасының иегерлері Аманжол Асылхан мен Қабиева Әлия атанды!!!

  Сондай-ақ, қатысушылар біздің демеушілерден түрлі номинациялар және бағалы сыйлықтармен марапатталды: «ArtLine». «Andres», «Имбирь» Thai SPA, «Dolce City Cafe»,«Bellucci», «Meilleur», «Sultan Collection», «Outfit», «ROMASHKA», Make-up artist M.Ahmetova, «Mr&Mrs», «Sova», «OOPS shop», «Atlanta404», «Erkelet buket», «EYFEL», «DANA DRESSROOM», «ALISHER’S BARBERSHOP», «PRO4studio», «Антресоль», «JM Land», «Выбирай».

BvvUr8zzyx4

Older posts «