«

»

«Wake up» жыл сайын өтетін күзгі демалыс жолсапары

Теміртау қаласындағы «Косманавт» демалыс орнында 2015 жылдың қазан айының 23-24 аралығында 1-ші курс студенттеріне арналған жыл сайын өтетін«Wake up»күзгі демалыс жолсапары өтті.

Бұл сапарға 100-ден астам студенттер қатысты. Осы іс-шара барысында, белсенді студенттерге арналған көсбасшылық дағдылары, командалық жұмыс, уақытты үнемдеу, іс-шара ұйымдастыру жайлы тренингтер өткізілді; Кәсіподақ жұмысының  құрылу тарихы мен басты мақсаттары жайлы, жастардың  тәрбиелік жұмысына бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жайлы  мәліметтермен танысты.

Спорттық және шығармашылық сайыстарға қатысу арқылы, студенттер өз бойындағы жаңа қырларымен танысып, келер оқу жылына жақсы көңіл-күймен қуат жинады.  Сонымен қатар, студенттер университеттегі студенттік өмірдің сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобалар жасауға қатысты.

Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды, жеңімпаз топтар серіктес-спонсорлардан құнды сыйлықтарға ие болды: «Bumper Ball», «Ser Burger» отбасылық рестораны және «Штаб Квартира» антикафесі.

WL-hYwdfdsY Без имени-1