«

»

Әлеуметтік-құқықтыққорғау

«Жас Орда» кәсіподағы атқаратын маңызды бағыттардың бірі әлеуметтік топқа жататын студенттерді қолдау болып табылады. Материалдық жағдайытөмен студенттер қайырымдылық-қаржылық көмек алу үшін өтініш бере алады.

Материалдық көмек алу құқығына төмендегі әлеуметтік санатқа жататын тұлғалар ие:

  • ата-ананың қарауынсыз қалған студенттер;

  • даму мүмкіндігі шектеулі студенттер;

  • көпбалалы отбасыға жататын студенттер;

  • толық емес отбасыға жататын студенттер (ата-анасының біреуінен айырылған студенттер);

Сонымен қатар «Жас Орда» ҚарМТУ студенттер кәсіподағының арқасында, ҚарМТУ студенттері Қарқаралыдағы «Политехник» спорттық-сауықтыру лагерінде төмендетілген бағаға демалу мүмкіндігіне ие.

2015-2016 оқу жылында, студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында,  «Жеңілдік кәсіподақ картасы» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында университет студенттері серіктес ұйымдарға жеңілдіктер алу мүмкіндігіне ие.

Студенттердің мүдделерін қорғау мақсатында,  «Жас Орда» ҚарМТУстуденттер кәсіподағының белсенді студенттері ұжымдық басқару органдарының жұмысына, факультеттер кеңесіне, жатақханадағы студенттік кеңестерге, университеттің президенттік, атаулы және ректорлық стипендия тағайындау комиссияларында, сонымен қатар қоғамдық тәртіптік комиссиялар жұмысына қатысады.