«

»

Ұлттық салт-дәстүрлер жарысы «Nauryz Time»

18 наурыз күні  «Политехник» мейрамханасында факультетаралық «Nauryz Time» ұлттық салт-дәстүрлер жарысы өтті.

Әділ-қазылар қатысушылардың ұлттық киімдерін, алдын-ала дайындалған дастархан ұсынуын, ауылдың көрінісін, салт-дәстүрлер көрсетілімін бағалады. Сондай-ақ, қыздар “Наурыз көже” дайындау бойынша сайысында жарысты, ал жігіттер өз кезегінде, ұлттық спорт түрлері бойынша жарысты.

Барлық жарыстар нәтижесі бойынша І орында Көлік – Транспорт факультеті, жүлделі ІІ орын Сәулет – Құрылыс факультеті, ІІІ орында Тау – Кен факультеті иеленді.

Жеңімпаз командаларға сыйлықтар мен ұлттық сувенирлер сыйға тартылды. Бірінші орын үшін “Papa Sergio”-дан “Батыр” сетін алуға тегін сертификат табыс етілді. Сондай-ақ, барлық командаларға тайм-кафе “Tooman” 25% жеңілдік берілді.

Барлық қатысушыларға дайындығы және белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз! Осыған байқаудың жеңімпаздарын құттықтаймыз!

               CM26kMC14Ms  w3BsUBOvVjk

Альбомдағы суреттер.