«

»

ҚарМТУ студенттері “Әлемді өзгертетін идеялар” атты семинар-тренингке қатысты

14-16 наурыз аралығында, Астана қаласында, Елбасы Кітапханасының білім беру жобасында ҚарМТУ студенттер мен оқу озаттары қатысты.

Бұл білім беру жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұжырымдамалық идеялар мен жаһандық бастамаларын зерттеуге бағытталған. Сондай-ақ “100 нақты қадамын” атты Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша мемлекет басшысы Бес институционалдық реформаға бағытталған.

Сондай-ақ, осы іс-шарада мемлекет және қоғам қайраткері, “Өрлеу Біліктілікті арттыру боыйнша ұлттық орталық” АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы, “Серпін – 2050″ бағдарламасының үйлестірушісі Мұрат Абдуламитұлы Әбенов сөз сөйледі.

Мұрат Әбенов: “…біз болашақта “Серпін” жобасы “Болашақ” бағдарламасына студенттер сұрыптау үшін жақсы дайындық базасын құра алады деп сенеміз.

Кездесу соңында Мұрат Әбенов және Кітапхана директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев семинар-тренинг барлық қатысушыларына сертификаттар мен “Біздің президент” кітабын таратты.

0U3A1765  0U3A2140.

Альбомдағы суреттер.