«

»

Жастар қайырымдылық ұйымы “Ақниет”

Молодежная благотворительная организация «Ақниет»

Университетте белсенді түрде өз жұмысын Жастар қайырымдылық ұйымы “Ақниет” жалғастыруда . Жыл сайын қайырымдылықпен айналысуға тілек білдірген белсенді, еріктілер студенттер саны  артуда.

Еріктілер моральдық және материалдық көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсетуді жалғастыруда.

“Мектепке Жол” Республикалық акция аясында кеңсе тауарлар, мектеп формасы мен  оқу үшін қажетті керек-жарақтар жиналып, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған “Ақбота”  орталығына, және мүгедектер  ерікті қоғамы ” Үміт”-ке тапсырылды.

ЖҚҰ “Ақниет” еріктілері “Қайырымдылық” мүгедектер мен қарттар үйлеріне үнемі барып көмек көрсете отырады. Олар осындай қажетті түрлі шығармашылық нөмірлерімен, қолмен жасалған бұйымдармен және қарапайым  жылы лебізін білдірді.

Еріктілер үлкен қамқорлығын  Ұлы Отан соғысының ардагері Ткаченко В. С. және оның отбасына көрсетеді. Олар үй істері боыйнга көмектесіп, өздерінің қуанышымен және жетістіктерімен бөлісе отырып, ардагердің соғыс замандағы өмірі туралы әңгімелерін мұқият тыңдайды.

“Аяз-атаға хат” акциясы дәстүрге айналды, оның аясында волонтерлер “Құлыншақ”, “Таңшолпан”, “НОДА” және т. б. балалар үйіндегі  балалардың тілегін Аяз-ата атынан сыйлықтар беру арқылы атқарады.

Еріктілер күшімен тұрақты түрде қайырымдылық акциялары, жәрмеңкелер мен концерттер өткізіледі. Нәтижесінде ауыр медициналық диагнозы бар көмекке мұқтаж балаларға ақшалай қаражаттар жиналады. Барлық қаражатттар емделуге және оңалтуға мұқтаждарға берілді.

ЖҚҰ “Ақниет” Еріктілері республикада волонтерлік қозғалыс дамуына және еріктілер құқықтарын қорғауға өз үлестерін қосуда. Олар “Волонтерлік қызмет Туралы” заң жобасын талқылауға белсенді қатысып, үлкен тәжірибесіне негізділе отыра, қажетті ұсыныстар қосады.

Осылайша, ұйымның қызметі тек мұқтаж адамдарға пайдасын әкеле отырмай, студенттерге үлкен тәрбиелік әсерін береді.