«

»

“Snow Fest – 2017″ ҚарМТУ студенттерінің қысқы сапары

ҚарМТУ студенттеріне 30 градустық аяз да уақытты қызықты және пайдалы өткізуге кедергі емес.

10 және 11 ақпан күндері Теміртау қаласындағы «Космонавт» демалыс орнында, Қарағанды қаласының күніне және де 28 Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың аяқталуына орай «Snow Fest» атты ҚарМТУ студенттерінің қысқы сапары өтті.

Бұл шараға 110 астам студент қатысты, 9 командалар арасында зияткерлік, шығармашылық және де спорттық сайыстар өтті.

Екі күндік бағдарламада тек қана студенттердің белсенді демалысы болған жоқ, онымен қоса білім жағынан ҚарМТУ студенттері өздері оқитын факультеттегі мамандықтар бойынша жобаларды ойлап табуды көздеді.

Сонымен қатар сапар барысында студенттер тұлғаны және де мінезді анықтау тренингінен өтті, бұл тренингті сапардың қонағы, Каукенова Айнаш – жеке тұлға дамуының консультанты өткізді.

Сапардың салтанатты жабылу сәтінде әр қатысушы сапарда белсенді қатысқаны үшін сертифкатпен марапатталды. Ал орын алған командалар демеушілер: «Дельфин» аквапаркы, «Луиджи» пиццериясы, «Ser Burger» кафесінен сыйлақтарға ие болды.

Есептелген ұпайлар бойынша, жүлделі орындарға иә болған командалар тізімі:

-     1 орын – «Лыжники» командасы;

-     2 орын – «Сноубордисты» командасы;

-     3 орын – «Конькобежцы» командасы.

xyvjrtq-xtcM6PMBAkoHf09jHnWGFi_ooPCqA1ljyTDk