«

»

Туберкулездің алдын алу айлығы аясындағы “Эскимо күні”

2017 жылдың 3 наурызында 1 оқу ғимаратында Мәдениет және спорт орталығы ұйымдастырған ”Эскимо Күні” науқаны өткізілді. Бұл науқан Дүнижүзілік туберкулезбен күресу күніне орай туберкулездің алдын алу айлығы аясында өткізілді. Науқанның басты мақсаты студенттердің спорт және елімізде болып тұратын спорттық шаралар жайлы не білетінін анықтау. Студенттерге спортқа қатысты 5 сұраққа жауап беру керек болды. Дұрыс жауап бергендерге сый ретінде балмұздақ берілді. Науқан соңында студенттердің “Zhas Сard” дисконттық картасының нөмері бойынша балмұздақ иелері анықталды. Ұтыс нөмірі бойынша жеңімпаздарға тәтті сыйлық берілді.

эскимо1 эскимо2 эскимо3 эскимо4