«

»

Халықаралық әйелдер күніні арналған мерекелік бағдарлама

2017 жылдың 7 наурыз күні «Жас Орда» ҚарМТУ СҰҚ белсендiлерiмен ұйымдастырылған Халықаралық әйелдер күніне арналған дәстүрлi құттықтау концертi өткізілді. Белсенді студенттер ұйымы ұмытылмас және ерекше шара өткізу мақсатымен бұл жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарады, себебі 8 Наурыз – көктемнiң ең таңғажайып, ең нәзiк мерекесi! Жүргізуші мерекеде болған барлық аруларды мерекелерімен құттықтап зор денсаулық пен бақыт, щаттық пен қуаныш тіледі. Cтуденттер бар ынталарымен және қызығушылықтарымен барлық ойындарға, байқауларға ат салысты және мерекелік шараға риза болып қалды. Шығармашылық концерттен басқа демеушілермен бірге бәрiнің көңілінен шығытын жүлделер көп әзiрлендi!
Жүлделер біздің келесі демеушілерімізден ұсынылды: “Топчан” кафесі, krg_shop, LuminousBeauty, AN Beauty, AIDANA ZHAMBEKOVA MAKE-UP.
Концерттік бағдарлама барлығына тек жақсы, мерекелік көңіл-күй сыйлады!

7марта1 7марта4 7марта3 7марта2