«

»

“Nauryz Time – 2017″

17 наурыз 2017ж. СҚҰ ҚарМТУ “Жас Орда” Мәдениет және спорт орталығының белсенділері ұйымдастырған “Nauryz Time” іс – шарасы жүргізілді. “Nauryz Time” – бұл 22 наурыз ұлттық Наурыз мейрамы мерекесіне орай Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ұйымдастырылған дәстүрлі іс-шара. Барлық факультеттер түркітілдес халықтарының тарихы мен мәдениетін бейнеледі. Іс-шара екі кезеңнен тұрды:
- Біріңші кезең ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтті. ҚарМТУ-дың спорт кешенінде өткізілді. Ол спорттық жарыс үш ұлттық спорт түрлерінен өтті: аударыспақ, арқан тарту және 24 кг гир көтеру.
- Екінші кезең «Политехник» кафесінде концерттік бағдарлама өтті. Ол бірнеше кезеңдерден тұрды: дастархан жаю, ұлттық киімдер, салт – дәстүрлер мен ұлттық би көрінісі және де ең дәмді тағам «Наурыз көже» сайыстары өткізілді.
Сайыста 1-4 курстың студенттері қатысты. Әділ – қазылар алқасының шешімі бойынша:
1-ші орын Машина жасау факультеті
2-ші орын Сәулет құрылыс факультеті
3-ші орын Инженерлік экономика және менеджмент факультеті.

наурыз1 наурыз2 наурыз3 наурыз4