«

»

«ZHAS WAVE» — ҚарМТУ СҰҚ «Жас Орда» белсенділерінің жазғы сапары

«ZHAS WAVE» — ҚарМТУ СҰҚ «Жас Орда» сауықтыру лагері
2016 жылдың 14-16 маусым айларында, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұйымдастыруымен, Қарқаралыдағы “Политех” сауықтыру лагерінде, СҰҚ «Жас Орда» белсенділерінің, жыл сайын болатын, дәстүрлі “Zhas Wave” іс- шарасы болып өтті. Бұл 3 күндік сапарда, командалық құрамда өзін-өзі көрсете білу, белсенділік таныту, білім жəне шеберлік классты құрудан бастап, кешкі алау жанында отырумен аяқталды.

Бағдарламаларға келесі шараларды қамтиды: тренингтер, спорттық ойындар, биден сайыстар, туристік саяхат жəне Жереңсақалдың шыңына шығу..

Бұл сапарда, лагерь территориясында «Күндізгі барлаушы» және «Кешкі барлаушы» сияқты керемет ойындар ұйымдастырылды.

Қатысушылар əр станцияларға жүгіріп, тапсырмалар орындады. Командалар арасында бəсекелестік де болды.”Миксер” ойыны сапардағы қатысушыларды бір-бірімен жақын таныстыра алды, жəне қыздарға арнайы тренингтер жүргізілді. Əлсіз жандар үшін, өзін-өзі қорғаудан əр түрлі əдістер бойынша тренинг жүргізілді. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға тарту үшін түрлі спорттық ойындар өткізілді. Қатысушылар өздерін əр түрлі қырынан таныта білді. Сонымен қатар, “Ашық Кросс”,”Дыбыстау” іс-шаралары жүргізілді. Мұнда көңілді əндер айтылып, би биленіп, əзілдесіп қана қоймай, шығармашылықтарымен де көзге түсе білді. Жатар алдында бір- біріне ізгі тілектерін білдіріп, шам жағып өздерінің алған əсерлерімен бөлісті.
Сапардың аяқталуына орай, қатысушыларды мақтау қағазымен марапаттап, қорытындылады.

_IUDOjEoGZQZW2ZW3