«

»

“Жас Орда – танымгер”

15 қазанда, Қарағанды қаласындағы, 58-ші орта мектебінде, ҚАРМТУ «Жас орда» СҰҚ филиалының ашылу салтанаты өтті.
ҚарМТУ «Жас Орда» СҰҚ–ның, мəдениет жəне спорт белсенділері мен 58 орта мектеп басшыларымен бірлесе отырып, «10-шы сынып оқушыларын «Жас Орда» қабылдау» салтанатын өткізді. Бұл шараның мақсаты, оқушылардың кез келген ортада еркін өзін-өзі ұстауы, ҚАРМТУ-дағы іс шараларға белсенді қатысуы болып табылады.
Бұл іс–шарада, ҚАРМТУ -дың белсенді студенттері мен 58 орта мектебінің талантты оқушылары, концерттік бағдарламада өз өнерлерін көрсетті. Мектеп директоры – Балгабекова Т.В, өзінің құттықтау тілектерін білдіріп, алдағы болатын іс-шараларды жоспарлады.
Соңында оқушыларды «Жас Орда» төс белгісімен марапаттады.

.

58-1 58-2