«

»

IV жыл сайынғы Қармту ректорының Балы

2016 жылы 26 мамыр күні, “VOGUE” мейрамханасында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мен Қарағанды облысының 80-жылдығына арналған, IV жыл сайынғы ҚарМТУ ректорының Балы өтті.
Іс-шара мақсаты студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, зайырлы қоғамды дәріптеу, жастардың әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ оң мінез-құлық үлгілерін және еліктеу үлгілерін қалыптастыру үшін ұйымдастырылған болатын.
Салтанатты мейрамның, жарқын бейнелердің және көктем мезгілінің келуін өз бойында үлестіре білген, студенттердің дәстүрлі би кеші.
Ұйымдастырушысы — “Жас Орда”, ҚарМТУ студенттер кәсіподағы. Іс-шараға, ҚарМТУ-дың 150 студенты қатысты , олар үш ай бойы классикалық би шеберлігіне үйренді.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің тарихында «Ректор балы» ең ауқымды, ең жарқын және ең есте қаларлық іс-шара.
Қала және облыс әкімшілігінің басшылары, қоғамдық және жастар ұйымының өкілдері, шығармашылық ұжымдар қонақтар ретінде, іс шарамызға шақырылды.
Балдың соңында, сайыс критерийларын ескере отырып, «Король и Королева бала» таңдалды, оларды демеушлілеріміз бағалы силықтармен марапаттады.
Аталған іс-шара, ең алдымен үлкен рухани-адамгершілік мәні бар. Қазақстанның жаңа рухты патриотизмымен тәрбиленген, қазірге жастар, саяси білімді және мәдениетті болып қалыптасуы тиіс.

Bal1

Bal2