«

ҚарМТУ-дың бірінші курс студенттері арасында өткен Quest-марафон

2016 жылы 22 қыркүйек күні, АЖЖ «Жас Орда» ұйымының, мәдениет және шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен, КарМТУ бірінші курс студенттері арасында Quest-марафон өтті. Квест-марафонға, бүкіл факультеттерден 18 команда қатысты. Ойын барасындағы, командалардың ең басты мақсаты, университеттің территориясында орналасқан, 11-станцияны өту болды. Әрбір станцияны өту үшін, қатысушылар, университет тарихына байланысты сұрақтарға жауап беріп, жоғары курс студенттерінің тапсырмаларын орындауы керек болған.

Quest-марафонның қорытындысы бойынша, екінші орындағы командадан 18 ұпайға асып, ықтимал 230 ұпайдан 218 ұпай жинап , ең жылдам, ең ақылды және ең қуатты болып Сәулет-құрылыс факультет командасы бірінші орынды иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, құрмет грамоталары мен сыйлықтар берілді.

q2 Q1q3