«

»

Күзгі жаттықтыру сапары «Wake Up 2017»

   2017 жылдың қазан айының 28-29 аралығында Теміртау қаласындағы «Космонавт» демалыс орнында бірінші курс студенттеріне арналған жыл сайын өтетін «Wake Up 2017» күзгі жаттықтыру сапары өтті!

  Бұл сапарға 100-ден астам ҚарМТУ студенттері қатысты. Жаттықтыру сапарының негізгі тақырыбы: Елбасының бағдарламалық мақаласы«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» болды. 2 күнге жалғасқан іс-шара барысында арнайы тренерлер шақырылып, кездесулер өткізілді. Ол кездесуде қатысушылар кәсіподақ жұмысының құрылу тарихы мен басты мақсаттары жайлы білді, жастардың тәрбиелік жұмысына бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жайлы мәліметтермен танысты, сонымен қатар, әлеуметтік және инновациялық жобаларды қолдайтын бағдарламалар туралы ақпарат алды.

  Әртүрлі сайыстарға қатысу арқылы, студенттер өз бойындағы спорттық және шығармашылық жаңа қырларымен танысып, келер оқу жылына жақсы көңіл-күймен қуат жинады.

  Іс-шара соңына барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды, жеңімпаз топтар серіктес-спонсорлардан құнды сыйлықтарға ие болды: аумағы бойынша ең үлкен квест-рум «DoorДом» ақысыз кіру 12 сертификаттары, «Некафе» тайм-кафесінен үш сағаттық абонементтер, «Ser Burger» тез тамақтану кафесінен топтың барлық мүшелеріне «Жас Орда» сеттері, «Додо пицца» тағамдарды жеткізу орнынан 6 үлкен пиццалар сертификаттары.

4KMVVl6mBdE fVRlviEpRdE

Kme6gYjtxlk ow_02LG28UE

Эта запись также доступна на: Русский