«

»

«Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» бағдарламасы бойынша семинар-тренинг

     2017 ж. 15-16 қарашасында Университеттің қоғамдық, оқу және ғылыми жұмыстарында еңбек етіп жүрген ҚарМТУ-дың белсенді студенттері, Жастар саясаты департаментінің директоры, ҚарМТУ «Жас Орда» студенттік ұйымдар Қауымдастығының төрағасы Рустам Бузяковтың басшылығымен «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» бағдарламасы бойынша Астана қ. ҚР Елбасы — Тұңғыш Президенті кітапханасында өткен семинар-тренингке қатысып қайтты.

    15 қараша күні Елбасы кітапханасының жетекші ғалымдарының — философия ғылымдарының докторы, профессор Ғазиз Телебаевтың және тарих ғылымдарының кандидаты Сағынтай Бердағұлованың дәрістерін тыңдады.

    Тренингтер мен практикалық жаттығуларды әлеуметтік және білім беру жобалары бөлімінің қызметкерлері жүргізді: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Күнсұлу Исинова және Кунзия Үмбетова.

    16 қараша күні студенттерге «Экономикалық өлшем: Индустриализация және жалпы еңбек қоғамы», «Идеологиялық өлшем: ұлттық бірлік, тарихи қоғамдастық және жоғары руханилық» тақырыбында дәрістер оқыды, сондай-ақ «Қазақстандық жол» интерактивті ғылыми-білім беру орталығында» тренингтер жүргізілді.

  Семинарға қатысушылардың сертификаттарын табыс ету рәсіміне дейін халықаралық қатынастар саласындағы сарапшы Алкей Марғұланмен кездесу өтті.

1 2

Эта запись также доступна на: Русский