«

»

«Мистер және Мисс ҚарМТУ 2018»

   13 сәуір күні Кеншілер мәдениет сарайында «Мистер және Мисс ҚарМТУ 2018» байқауы өтті.

   Мерекелік кеш Астана қаласының 20-жылдығына, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 65-жылдығына және Қозы Көрпеш – Баян Сұлу ғашықтар күніне орай өткізілді.

   Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында 8 жұп өз білімдері мен өнерлерін сынға салды.

  Мерекелік кештің нәтижесінде «Мистер ҚарМТУ» атағын Жексенбаев Еламан, ал «Мисс ҚарМТУ» атағын Омарова Асель жеңіп алды.

   Сонымен қатар:

   «I Вице Мистер ҚарМТУ 2018» Амамбаев Аян;
   «I Вице Мисс ҚарМТУ 2018» Королёва Юлия;
   «II Вице Мистер ҚарМТУ 2018» Аманжол Асылхан;
   «II Вице Мисс ҚарМТУ 2018» Кабиева Алия.
  «Мистер көрермен көзайымы» және «Мисс көрермен көзайымы» номинацияларына өткен онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша Керімқұл Ернұр және Джаксыбаева Зарина жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар демеушілер мен ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар алды. Ал «Мисс ҚарМТУ» атағының жеңімпазы қала деңгейінде өткізілетін «Мисс Қарағанды» сұлулық байқауына қатысуға мүмкіндік алды.

   Қалған фотосуреттерді «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде көре аласыздар.

32sx__2hBL4 iJA1Ta28fjk

Эта запись также доступна на: Русский