«

«Quest-марафон»

    14 қыркүйек күні «Quest-марафон» атты алғашқы факультетаралық іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты бірінші курс студенттерін университетіміздің территориясымен таныстыру. Барлығы 200-ден аса қатысушылар әртүрлі бекеттерде «Рухани Жаңғыру» мақаласы аясында және университет туралы сұрақтарға жауап берді, әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды орындады.

   Іс-шараның қорытындысы бойынша 3-орынды Сәулет құрылыс факультетінің «Арлан» командасы жеңіп, «Наше место» тайм кафесіне 50% жеңілдікке ие болды. 2 орынды Энергетика автоматика және телебайланыс факультетітінің «Сарыарқа» командасы иеленіп, 10 000 теңге сомасына «Zhekas Doner House» отбасылық мейрамханасына сертификат ұтып алды. 1 орынды Тау-кен факультетінің «Сұңқар» командасы иеленгені үшін «Сетка» батут орталығына 1 сағат абонемент ұтып алды. Жүлделі орындарға ие болған топтарды құттықтаймыз!

Фотосуреттерді «Вконтакте» әлеуметтік желісінен көре аласыздар

Md8RL9pw0Rg