«

»

Ұйымның миссиясы, мақсаттары және міндеттері

cropped-на-сайт1.jpg

«Жас Орда» – жоғары оқу орнының барлық ұйымдарын біріктірген, студенттердің өзін-өзі басқарудың бірлескен ұйымы. Ұйым 2009 жылы университет ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі – Газалиев А.М. және университетіміздің белсенді жастарының бастамасымен патриоттық тәрбие моделі аясында құрылды.

Ұйым миссиясы – Қазақстан Республикасының дамуы мен гүлденуіне үлкен үлес қоса алатын, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, ҚарМТУ-нің студент жастарын қалыптастыру.

Ұйым жұмысының мақсаты – жастардың интеллектуалдық, әлеуметтік-мәдени, профессионалдық, саяси-құқықтық, рухани және физикалық дамуы.

Біздің міндеттеріміз:

  • Қазақстан Республикасының жастар саясатын жүзеге асыруға қатысу;

  • Студенттердің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау, әлеуметтік көмек көрсету;

  • Өнерлі жастарды қолдау;

  • Салауатты өмір салтын насихаттау;

  • Жастар арасындағы кәсіпкерлікті қолдау, жұмықа орналасуға көмек көрсету;

  • Қазақстанның және басқа мемлекеттердің, жастар ұйымдарымен және азаматтық қоғам институттарымен серіктестікке отырып, бірлесіп жұмыс атқару;

  • Жастардың білімділік, интеллектуалдылық және профессионалдық деңгейін арттыру;

  • Жастар арасында патриоттық сезім мен жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру; Қазақстан халқының мәдени байлығын, тілін және салт-дәстүрін құрметтеуді қалыптастыру.

Эта запись также доступна на: Русский