«Jas Poliglote»

   2018 жылдың 19 желтоқсанында 4 корпустын 309 аудиториясында Инженерлік экономика және менеджмент факультетінің студенттеріне интеллектаулды-лингвистикалық «Jas Poliglote» атты ойыны өткізілді.Қатысушылардың ортақ көзқарасын дамыту және зияткерлік және лингвистикалық салада студенттерді дамыту үшін жағдай жасау ойынның мақсаты болып табылады.Ойын 3 кезеңнен тұрды және «Рухани жаңғыру : Болашака бастар Жол» мақаласын енгізу идеясын қолдау үшін латын тіліне аударылды.Құрметті қазылар алқасыны ретінде ИЭМФ деканының орынбасары Уайділда Ақниет Өмірзаққызы шақырылды.Ойынға 4 команда қатысты: 1 орынды «Фэмэйл» командасы, 2 орын – «Hunters», 3 орын – «Space» командасы алды.Жүлдеге ие болған командалар грамотамен марапатталды.

Фотосуреттерді «Вконтакте» әлеуметтік желісінен көре аласыздар

                         HtNRqNMlCLQTwtQhDVv7Pc

«ҚарМТУ бірінші курс студенті дебюті 2018»

   2018 жылдың 11-шы желтоқсанында К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрында «ҚарМТУ бірінші курс студенті дебюті 2018» сайысының финалы өтті. Біздің қатысушыларымызды өнер қайраткерлері, шығармашылық жолында үлкен табыстарға жеткен әділ қазылар бағалады: Жүнісов Ноян Удербайұлы, Жаманова Айгуль Бериковна, Уалиева Асель Балгашевна, Темиргалиев Даир Султанович, Смагулова Асем Мадыхановна.

   Сайысымыздың соңғы сәтінде әділқазылар қатысушыларды бағалауда қиналып, дауласуына қарамастан, жеңімпаз атағына лайықты қатысушыларымызды анықтады.

   Өнерлілер конкурсының Гран-при иегері және 20 000 теңге «Регион» таксиі және 30 000 теңге “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы” ҚБ сертификатын Энергетика автоматика және телекоммуникация факультеті алды. Бірінші орын және «Бездна» квест орталықтан 25 000 теңге сертификаты, Zheka’s донер үйінен 5000 теңге сертификатың Инновациялық технологиялар факультеті, екінші орын және демеушілерден 20 000 теңгеге сертификат «SETKA» трамплиндер орталығына және Zheka’s донер үйінен 5000 теңгенi Тау-кен факультетi иелендi, үшінші орын және «Луиджи» пиццасына және «Наше место» анти-кафесіне 10 000 теңге көлемінде сертификат Инженерлік экономика және менеджмент факультетіне берілді.

   Номинация бойынша жеңімпаздар:
«Үздік вокалдық орындау»:
І орын: Абылай Иманмагзумов (МФ)
II орын: Сарсенова Ботагөз (ИЭМФ)
III орын: Өміртаев Нұртілеу (ЭАТФ)
«Үздік би нөмері»:
І орын: ЭАТФ
II орын: ИЭМФ
ІІІ орын: ИТФ
«Ерекше жанр»:
I орын: ТКФ (мюзикл)
II орын: СҚФ (қойылым «Шабыт»)
III орын: МФ (монолог)
«Үздік аспаптық ойын»:
І орын: Абилдин Дәуірбек (ИТФ)
II орын: Валерия Штенгер (ИЭМФ)
ІІІ орын: Имирхан Дидар (ЭАТФ)
«Үздік вокалды-аспаптық нөмір»:
І орын: Чой Анастасия (КЖФ)
ІІ орын: Салютин Игорь, Ахметқалиева Камила (ЭАТФ)
ІІІ орын: Кенжегулов Адиль, Нағачбаева Балзира (ТКФ)
«Үздік флешмоб»:
І орын: ИТК
II орын: ЭАТФ
ІІІ орын: ИТФ

   Барлық қатысушыларды тағы да құттықтаймыз, оларға шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!

Фотосуреттерді «Вконтакте» әлеуметтік желісінен көре аласыздар

8DzWhdvYy80

ЖОО аралық «Что? Где? Когда?»

   6 желтоқсан күні Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» бағдарламалық мақаласын және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талдау мен талқылауға жұмылдыру, әрі бағдарламаны іске асыру мақсатында Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсесімен бірге ЖОО аралық «Что? Где? Когда?» интеллектуалды ойынын ұйымдастырды. Іс-шараға Е.А. Букетов атындағы ҚарМТУ, ҚММУ, Қазтұтынуодағы ҚЭУ, «Болашақ» академиясының және ҚарГТУ студенттерінен құралған топтар қатысты.

   Интеллектуалды ойынның мақсаты – студенттік жастардың зияткерлік және мәдени деңгейін көтеру, зияткерлік уақыт өткізу формасын насихаттау, университет студенттері арасындағы байланыстарды нығайтуға жағдай жасау.
Қазылар алқасы құрамында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Қарағанды облысында іске асыру бойынша Жобалық кеңсенің менеджері Санаубаева Дана Сериковна, Қарағандылық «Что? Где? Когда?» клубының жетекшісі Литвинас Алексей Арвидович, Қарағанды қаласының жастар маслихатының жетекшісі және Жастар ресурстық орталығының маманы Фрибус Алёна Алексеевна болды.

   Ойынның екі кезеңінің қорытындысы бойынша жеңіске ҚарМТУ «Karl Marks» тобы жетті. ІІ орынды Қазтұтынуодағы ҚЭУ және «Болашақ» академиясының топтары бөлісті. ІІІ орынды Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ және ҚММУ студенттерінен құралған топтар иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша ҚММУ студенті Авазов Арсланбек Ғабитович марапатталды. Жеңімпаздар мадақтамалармен және іс-шара серіктестері «Kinoplexx Karaganda» кинотеатры, «DITA» сән студиясы, «Outfit» ер адамдар киім дүкенінің сертификаттарымен марапатталды.

 Фотосуреттерді «Вконтакте» әлеуметтік желісінен көре аласыздар

tsssColyghw

Алдонгар Аделяға көмек көрсетуге бағытталған акциясы

   5 желтоқсан күні «Ақниет» ЖҚҰ еріктілері «Жастар Әлемі» Жастар сарайында Алдонгар Аделяға көмек көрсетуге бағытталған акцияны өткізді.Қайырымдылық акциясы аясында тәттілер, қолдан пісірілген нан өнімдері мен кітаптар сатылған қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар ҚарМТУ дарынды студенттері өнер көрсеткен концерттік бағдарламасы көрсетілді. Көрермендер арасында өткізілген ойындардың жеңімпаздарына ұсынған сертификаттары үшін – Аквопарк «Дельфин», @kamminail_krg, @faberlic_kz_krg09 демеушілерімізге алғыс айтамыз!

   Қазіргі уақытта жиналған 200.000 теңге Алдонгар Аделяның жеке шотына жіберілді. Шетке қалмай қол ұшын берген барлық жандарға алғысымызды білдіреміз!

                     03Zv_7V3dg0PGuV42WOZT0

«XXI ғасыр көшбасшысы»

   2018 жылдың 22 қараша күні Бас ғимараттың 338 аудиториясында ҚарМТУ студенттері арасында «Зияткер» интеллектуалды ойындар жиының «XXI ғасыр көшбасшысы» атты финалдық ойыны өтті. Ойын тәрбие ісі жөніндегі проректор Алпысбаева Назым Амангазиевнаның «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала туралы сөзінен басталды.

   Ойын 3 кезеңнен тұрды. Қазылар алқасы ретінде: патриоттық тәрбие ҒЗИ директоры – Кударинова Гүлжан Социалқызы, жастар саясаты Департаментінің әлеуметтік-құқықтық даму Орталығының жетекшісі-Серикова Айнұр Ойратқызы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы Базарбаев Медет Рысханұлы шақырылды.

   «XXI ғасыр көшбасшысы» атты ойын нәтижесі бойынша «Үздік топ басшысы» номинациясында «Sunkar» (ТКФ) топ басшысы Бельгибаев Қайрат Игібайұлы марапатталды. «Зияткер» интеллектуалды ойындар жиынның қорытындысы бойынша жеңіске «Karl Marks» (ИЭМФ) , 2 орын – «Joule» (ЭАТФ), 3 орын – «Time flies» (СҚФ) тобы ие болды. «Үздік ойыншы» номинациясында «Time flies» (СҚФ) тобының қатусышысы Цхай Татьяна Андреевна марапатталды.Топтар мадақтамалармен және демеушілеріміздің сыйлықтармен марапатталды: анти-кафе «Некафе» (барлық топ мүшелеріне шектеусіз абонемент), квест «Атмосфера» (20% жеңілдік) және «Чина Капучино» тегін сусындары.

 Фотосуреттерді «Вконтакте» әлеуметтік желісінен көре аласыздар

zs2XOfFnbN8

Older posts «

» Newer posts