«Жас Орда» – жоғары оқу орнының барлық ұйымдарын біріктірген, студенттердің өзін-өзі басқарудың бірлескен ұйымы. Ұйым 2009 жылы университет ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі – Газалиев А.М. және университетіміздің белсенді жастарының бастамасымен патриоттық тәрбие моделі аясында құрылды.
Ұйым миссиясы – Қазақстан Республикасының дамуы мен гүлденуіне үлкен үлес қоса алатын, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, ҚарТУ-нің студент жастарын қалыптастыру.
Ұйым жұмысының мақсаты – жастардың интеллектуалдық, әлеуметтік-мәдени, профессионалдық, саяси-құқықтық, рухани және физикалық дамуы.
Біздің міндеттеріміз:
- Қазақстан Республикасының жастар саясатын жүзеге асыруға қатысу;
- Студенттердің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау, әлеуметтік көмек көрсету;
- Өнерлі жастарды қолдау;
- Салауатты өмір салтын насихаттау;
- Жастар арасындағы кәсіпкерлікті қолдау, жұмықа орналасуға көмек көрсету;
- Қазақстанның және басқа мемлекеттердің, жастар ұйымдарымен және азаматтық қоғам институттарымен серіктестікке отырып, бірлесіп жұмыс атқару;
- Жастардың білімділік, интеллектуалдылық және профессионалдық деңгейін арттыру;
- Жастар арасында патриоттық сезім мен жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру; Қазақстан халқының мәдени байлығын, тілін және салт-дәстүрін құрметтеуді қалыптастыру.
Эта запись также доступна на: Русский