«Жас Орда» ҚарМТУ студенттіқ ұйымдардың қауымдастығы міндеттерінің бірі – жастардың білімділік, интеллектуалдылық және профессионалдылық деңгейін арттыру болып табылады.
Университетімізде «Жас Орда» белсенділері – президенттік стипендия иегерлерінің бастауымен ашылған студенттік білім беру клубтары жұмыс атқаруда.
«Let’s study» клубына барушылар физика, жоғары математика, электротехника, механизмдер мен машина теориясы, механика сияқты дисциплиналар бойынша консультация алуға мүмкіндіктері бар.
Үш тілділік идеясын жүзеге асыру аясында, «Wanna Say» ағылшын тілінде сөйлеу клубы көп жұмыс атқаруда.
Жоғарыда айтылған клубтардың жұмысын, университетіміздің жоғары курс студенттері айтарлықтай жоғары деңгейде өткізеді. Оған дәлел, клубқа қатысушы студенттердің үлгерім динамикасы.
Білім және ғылым орталығының бастауымен келесі интеллектуалдық іс-шаралар өткізіледі:
-
«Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойын турнирі;
-
«Technomans» инженерлік өнер конкурсы;
-
«Мегамозг»интеллектуалдық ойыны;
-
«Тіл дарыны» интеллектуалдық ойыны.
Студенттердің ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын және олардың академиялық мобильділігін дамыту аясында Білім Департаментінің, Ш. Кұдайбердиев атындағы үштілділік орталығының, халықаралық байланыс бөлімдерінің және Конфуций институты өкілдермен кездесулер өткізіліп тұрады.
Эта запись также доступна на: Русский