«

»

Жыл сайынғы «Аяз атаға хат» қайырылымдық акциясы

  15 қарашадан 28 желтоқсанға дейін «Ақниет» ЖҚҰ жыл сайынғы «Аяз атаға хат» атты қайырылымдық акциясын өткізді.

  Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік мекемедегі, көп балалы, қолайсыз және мұқтаж отбасылардағы балаларға ата-аналары сыйлай алмайтын жаңа жылдық сыйлықтарды алып беру.

  Бірінші кезеңде ҚарМТУ «Ақниет» Жастар Қайырымдылық Ұйымының волонтерлері мұқтаж балаларға жолығып, оларға «Аяз атаға хат» жазуға көмектесті.

  Акцияның екінші кезеңінде волонторлер университетінің жетекшілері, қызметкерлері және студенттері көмегімен алынған сыйлықтардың жиналуын ұйымдастырды.

  Балалардың тілектері әр түрлі болды: кішкентай ойыншықтардан басталып, жылы киімдер мен аяқ киімдермен аяқталды.

   Акция аяқталу барысында волонтерлер Аяз ата мен Ақшақарға айналып, барлық балаларға сыйлықтарын жеткізді.

  Акцияның қорытындысы бойынша 100 бала сыйлықтармен қамтылды. Осындай кішігірім істер ертегі мен жаңа жылдық ғажайыптарға қайта сендіріп, айналадағы адамдарды кішкене болсын мейірімді етеді.

1 3

3 2

Эта запись также доступна на: Русский