2018 жылдың 26-27 қаңтарында Теміртау қаласында «Космонавт» демалыс орнында жыл сайынғы ҚарМТУ студенттеріне арналған «Snow Fest 2018» белсенді студенттерге арналған қала сыртындағы мектеп өткізілді.
Сапарға 90-нан аса студент қатысу мүмкіндігін алып, 10 топқа бөлінді. Студенттер интеллектуалды, шығармашылық және спорттық іс-шараларда бір-бірімен сайысқа түсті.
«Осындай іс-шаралар өз зияткерлік, шығармашылық сонымен қатар спорттық әлеуетті ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, командада жұмыс істеу мүмкіндігін дамыту, өзінің жеке қасиеттерін дамыту үшін арнайы мастер-класстар мен тренингтер өткізілді. Маған өте ұнады. Болашақта ҚарМТУ СҰҚ «Жас Орда» ұйымдастыратын іс-шараларға міндетті түрде қатысуды жалғастырамын», - деп қатысушы Кубеков Қайрат (ТТ-16-1 тобының студенті) өз ойымен бөлісті.
Екінші күннің бірінші жартысында студенттер арнайы қонақтар Рахматулаев Денис және Ахременко Натали көрсеткен би өнері бойынша мастер-классқа қатысты. Осы күннің екінші жартысында қатысушылар арнайы қонақтар Абильдин Рустам және Ибитанов Асхат өткізген КВН бойынша мастер-классқа қатысты.
Оқыту сапар соңында жеңімпаздар анықталып, демеуші-серіктестерімізден сыйлықтарды иеленді. Сондай-ақ, әрбір қатысушыға осы сапарға қатысқаны үшін естелік ретінде сертификат берілді.
«Мен белсенді студенттерге арналған қала сыртындағы қысқы сапарда куратор ретінде бірінші рет рөл атқардым, шыңы керек керемет сезім. Қысқа мерзім ішінде шығармашылық нөмір ойлап табу, би байқауында жарысу және өз тобынмен бірге қобалжу – өте құнды. Қатысқан сапарлардың ішінде мен үшін ең үздік қысқы сапардың бірі. Мен жұмыс істеген топтың белсенділігі мен ой-көркемдігі арқасында біз осы белсенді студенттерге арналған қала сыртындағы қысқы сапарда 1 орынға ие болдық», – дейді жеңімпаздар тобының кураторы Шапенова Зарина (ОПИ -16-2 тобының студенті).
Заринаның тобы «Zheka`s doner house» демеуші-серіктестерімізден 10 000 тг көлеміндегі сертификатқа ие болды және әрбір қатысушыға тәтті сыйлықтар берілді.
Эта запись также доступна на: Русский