2018 жылдың 17 ақпанында «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымның туған күніне орай волонтерлер командасы «Таңшолпан» және «Айналайын» балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен бірге өткізді.
Волонтерлер «Некафе» анти-кафесінде 10-14 жас аралығындағы балаларға арналған үлкен, көңілді ойын бағдарламасын өткізді. Ойындар арасында балалар «ДоДо Пицца» және «Inter Food» демеушілеріміздің ұсынған тағамдарынан дәм татты.
Бағдарлама соңында әрбір балалар үйіне тәтті сыйлықтар берілді.
Балалар ұмытылмас әсер алды, сондай-ақ волонтерларға таңғажайып эмоцияларын және қуаныш сыйлады.
Эта запись также доступна на: Русский