«

»

«Мистер және Мисс ҚарМТУ 2018» кастингі

  Құрметті студенттер! Біз сіздерді университетіміздің ауқымды іс-шараларының бірі «Мистер және Мисс ҚарМТУ 2018» қатысуға шақырамыз. Сайысқа университетіміздің колледжінің және бакалавриат,магистрант студенттері қатыса алады.

  Сайыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең ─ сырт келбеттерді бағалау сайысы, қатысушыларымыз келесі талаптарға сай болу қажет:

 Қыздар:

  •  Бойы (168 см-ден жоғары);

  •  Фигура (90-60-90 жобалы);

  •  Сырт-келбеті (тартымды);

  •  Жүріс-тұрысы (10 см-лік каблукпен жүру);

  •  Сөйлеу мәнері (өз-өзін таныстыра білу).

 Ұлдар:

  •  Бойы (170 см-ден жоғары);

  •  Фигура (спорттық дене бітім);

  •  Сырт-келбеті (тартымды);

  •  Сөйлеу мәнері (өз-өзін таныстыра білу).

  Екінші кезең – өнер сайысы. Бірінші және екінші кезең ─ іріктеу кезеңі. Үшінші кезең – финал.

 Финал кезеңіне дейін қатысушыларымызды қызықты тақырыптық фотосессиялар мен мастер – класстар күтуде. Финал келесі кезеңдерден тұрады: ұлттық киімдермен дефиле, ақыл-ой сайысы және шығармашылық сайысы. Сайыстың кастингіне қатысу үшін төменде көрсетілген сілтеме бойынша өтініш жіберу қажет!

https://docs.google.com/forms/d/1E0Z2jxhf7eeJmrpLiBm-Z15P6szaqFLffwQEZ1AM_eg/closedform

VVRCNE

Эта запись также доступна на: Русский