2018 жылдың 9 ақпанынан 3 наурызына дейін оқыту бағдарламаларынан құрылған «Студенттік белсенділер мектебі» жобасының екінші кезеңі өтті.
Бұл кезеңде қатысушылар «Жас Орда» ҚарМТУ СҰҚ орталықтары мен қауымдастықтың құрылымдық бөлімдерінің жұмысымен танысу мақсатында олардың жетекшілерімен кездесті.
Осыдан кейін қатысушылар өзінің келешекте айналысатын ісін таңдады жəне 2 кезең бойы Орталықтарда жобаны іске асыру тəсілдерімен танысты.
3 наурыз күні барлық Орталықтардың жобалары қорғалды. Қорғаудың нәтижелері аяғында «Үздік құрама» номинациясын білім беру жлбалар орталығының құрамасы иеленді. Жеңімпаз-құрама «Дельфин» аквапаркіне тегін бару сертификатына ие болды. Сонымен қатар, жоба барысында СБМ-нің ресми парақшасында ең белсенді қолданушысын анықтау мақсатында сайыс өткізілді.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен энергетика, автоматика жəне телебайланыстар факультеті, ПС-17-1 тобының студенті – Сатыбалды Аяулым.
Жоба аяқталу барысында барлық қатысушылар сертификаттармен мадақталды.
Эта запись также доступна на: Русский