2018 жылдың 20 наурыз күні «Ақниет» ЖҚҰ-ның волонтерлері ҚММ «Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы бойынша үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» мүгедек балаларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
«Наурыз Мейрамы» мерекесіне орай Қарағанды мемлекеттік-техникалық университетінің студенттері балалардың назарына көңіл көтеретін концерттік бағдарламамен таныстырып, балалардың көңіл күйін көтерді. Концерттің бағдарламада халық әндері, билер, ойындар және қазақ халқының дәстүрлері таныстырылды. Мерекелік іс-шара аяқталғаннан соң студенттер, балалар және олардың ата-аналары риза болды.
Эта запись также доступна на: Русский