Астана қаласының 20-жылдығына жəне ҚарМТУ-дың 65-жылдығына жəне «политехтің» 60-жылдығына арналған Қарағанды мемлекеттік Техникалық университетінде 2018 жылдың 4-5 сəуірінде алғаш рет «Ел жүрегі – Астана» атты фестиваль өткізілді.
Фестивальдің мақсаты – студенттердің шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау, студенттік бастамаларды қолдау және ынталандыру, сондай-ақ студенттердің адамгершілік және мәдени құндылықтарды сақтау және көбейту.
Фестивальді жастар саясаты басқармасы мен ҚарМТУ «Жас Орда» студенттік ұйымдарының қауымдастығы ұйымдастырып отыр.
Фестивальдің конкурстық бағдарламасы келесі бағыттар бойынша өтті: вокал орындау, хореография (ұлттық және қазіргі заманғы билер), аспаптық орындау (домбыра), КВН, дебаттар.
Фестиваль екі күнге созылды. Бірінші күні – «Жастар Əлемі» Жастар сарайында 4 сәуір күні 2018 жылы пікірсайыс турнирі және КВН ойындар (орыс және қазақ лигасы) өтті. Екінші күні – 5 сəуір күні 2018 жылы – К.С. Станиславсий атындағы облыстық орыс драма театрында вокалдық, ұлттық аспапта орындау жəне заманауи би бойынша конкурстар өтті.
Байқаудың қорытындысы бойынша фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін танымал мәдениет және өнер қайраткерлері Саят Әбдіғали, Ирина Вазем, Балғабек Смағұлова, Анар Қапасова, Максим Петров және Райымбек Сатыбалды әділқазылар алқасы студенттердің шығармашылық фестиваліне айналдырды. Бұл байқау «политех» студенттері үшін тартысты өнер және шығармашылық кеш болды. Сол арқылы олар инженер – ол физика саласының маманы, лирик, әнші, ақын, философ екенін дәлелдеді.
Қалған фотосуреттерді «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде көре аласыздар.
Эта запись также доступна на: Русский