«Жас Орда – Танымгер» жастар бірлестігінің қызметі аясында 14 сәуірде №5 орта мектебінің базасында №5 ОБЖ желілік мектептер арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында волейболды насихаттау, жастарды белсенді дене шынықтыру мен спортқа тарту, үздік командалар мен ойыншыларды анықтау.
Жарыстарға 5 команда қатысты. Төрешілер құрамында ҚарМТУ волейбол командасының мүшелері және «Жас Орда» ҚарМТУ СҰҚ белсенділері болды. Жеңімпаздар дипломдар мен медальдармен марапатталды.
№16 орта мектеп «Жас Орда – Танымгер достық кубогі» бас жүлдесін иеленіп, чемпион атанды.
Эта запись также доступна на: Русский