«

»

«Зияткер» интеллектуалды ойындар жинағының «Миссия студента» атты соңғы ойыны

     Құрметті студенттер!

  Сəуір айының 11 жұлдызында «Жастар Əлемі» Жастар сарайында ҚарМТУ студенттері арасында «Зияткер» интеллектуалды ойындар жинағының «Миссия студента» атты соңғы ойыны өткізілді. Ойын 3 бөлімнен құралып, олар əртүрлі қиындық бойынша сұрақтардан жинақталды.

   Қатысушылар мен көрермендерге арнап ойын тақырыбына байланысты əртүрлі сұрақтар қойылды, сонымен қатар ұлы математик, философ жəне ғалым әль-Фараби жайында білетін білімдерін көрсетті. Ең көп ұпай жинаған «БАСТа» (ТКФ) тобының капитаны – Аскар Аскаров. Барлық «Зияткер» интеллектуалды ойын қорытындысы бойынша:
    Жеңіске жеткен топ – «БАСТа»(ТКФ),
    2 орын – «МЦ Квадрат»(ИТФ),
    3 орын – «Wonder women»(СҚФ).

    Жеңімпаз топтар мадақтамалармен жəне біздің демеушілерден бағалы ұтыстарға ие болды.

    Қалған фотосуреттерді «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде көре аласыздар.

lQ5IBLLou1M

Эта запись также доступна на: Русский