Құрметті студенттер!
26.04.2018ж. сағат 17:00-де «Жастар Әлемі» студенттер сарайында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін» жобасы аясында білім алып жатқан 1-курс студенттерінің арасында дәстүрлі «Аламан» фестивалінің «Мамандығым – мақтанышым!» атты байқау өтеді.
Байқаудың мақсаты:
➢ «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін» әлеуметтік жоба бойынша оқитын грант иегерлерінің өз мамандықтарын насихаттау;
➢ Техникалық сала мамандықтарының атағын шығару;
➢ Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің мамандықтарды дайындаудағы жетістіктерін көрсету;
➢ Факультеттің және мамандықтың имиджін қалыптастыру.