2018 жылдың 5 мамырында энергетика, автоматтика және телекоммуникация факультеті «Біздің өміріміздегі энергияны үнемдеу» атты интеллектуалды ойынын ұйымдастырды. Іс-шараға осы факультеттің 1,2,3 курсын оқитын студенттерден 5 команда қатысты. Ойынның соңында «Энергия» командасы бірінші орынды иеленіп, дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Ал «Мегавольт» жәнн «Импульс» командасы II, III орындарды иеленіп, мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Эта запись также доступна на: Русский