2018 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін дәстүрлі түрде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде. Бұл акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету. Бұл акция 10 жыл бойы жалғасын тауып келеді. Биылғы жылы «Менің таңдауым – балаларға көмек!» ұранымен өтуде. Бұл ұранмен 2018 жылдың 31 тамызында ҚарМТУ СҰҚ «Жас Орда» ЖҚҰ «Ақниет» волонтерлері әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 20 балаға қайырымдылық акциясын өткізді. Балаларға мектепке қажетті заттармен қамтамасыз еткені үшін ҚарМТУ-дың Ректоратына және факультеттер кафедраларына, сонымен қатар балалардың бірін мектепке қажет заттармен қамтамасыз еткені үшін ҚарМТУ-дың магистранты Аманбаев Ерұланға жеке алғысымызды білдіреміз!
#mboakniet #timetobekind #bekind #kstu #дорогавшколу #караганда
Эта запись также доступна на: Русский