2018 жылдың 29 қыркүйек күні «Ақниет» ЖҚҰ-ның еріктілері қарттар мен мүгедектерге арналған «Мейірімділік» пансионат-үйінде Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды.
Демеушілеріміздің берген арнайы тәттілерімен еріктілер аталар мен әжелерге шәй жасап, олармен әңгімелесіп, денсаулықтарын біліп қайтты.
Сонымен қатар қарттар еріктілердің пианинодағы керемет ойының тамашалап, бірге өлең айтып, әжелердің өздері жазған тақпақтарын тыңдады.
Концерттің соңында еріктілер қарттарға ашық хат тілектерін сыйлады.
#bekind #kind_stories #timetobekind #akniet_kind
Эта запись также доступна на: Русский