2018 жылдың 3-5 қазан аралығында әрбір факультетте басты мақсаты студенттердің жалпы ойлау қабілеттерін дамыту болып табылатын интеллектуалдық ойындар өткізілді. Ойын үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар үшін қызықты бағдарлама, шығармашылық сұрақтар және әртүрлі байқаулар дайындалды. Соңғы шешуші кезеңде қатысушылар “қара жәшіктің” ішінде не жасырылғанын анықтады. Қазылар құрамында декан орынбасарлары, факультет оқытушылары, сонымен қатар “Жас Орда” ҚарМТУ СҰҚ орталық жетекшілері болды. Жеңімпаздар мадақтамалармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Фотосуреттерді «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде көре аласыздар.
Эта запись также доступна на: Русский