Көптен күткен факультеттік өнерлі студенттер сайысы “Бірінші курс студентінің дебюті – 2018″ басталады!
Дебют – бірінші курс студенттерінің өміріндегі маңызды және жарқын оқиғалардың бірі. Бірінші орында болудың екі негізгі компоненті – топтың ұйымдасқан жұмысы және жеңу рухы.
Барлық таланттарыңызды көрсетуге шақырамыз:
- хореография;
- музыкалық аспаптарда ойнау;
- акробатикалық нөмірлер;
- актерлік шеберлік;
- шешендік өнер;
- ерекше жанр таланттары.
Сіз залда көрермен екеніңізді елестетіп көріңіз. Есіңізде сақталып қалу үшін сізге не қызықты болар еді? Көріністі көз алдыңызға келтірдіңіз бе? Енді оны жүзеге асырып, сахнаға шығыңыз!
Эта запись также доступна на: Русский