Ағымдағы жылдың 8 қарашасы бас ғимараттың акт залында «Студенттік белсенділер мектебі» оқыту бағдарламаларынан құралған кешенді жобаның ашылуы өтті. Ашылу салтанатына ҚарМТУ-дың барлық курстарынан 200-ден астам студент қатысты. Ашылуы барысында студенттерді жобаның ережелері және кезеңдерімен таныстырды.
Қатысушылардың қоғамдық қайраткер, “Невада – Семей” Халықаралық ядролық сынаққа қарсы қозғалысының төрағасы Олжас Сүлейменовпен кездесу мүмкіндігіне ие болды. Олжас Сүлейменов “Невада – Семей”халықаралық антиядролық қозғалысының пайда болуы туралы және басынан өткен қызықты оқиғалар жайында баяндады. Студенттер Қарағанды жастарының әрқашан тек ядролы қарусыз бейбіт өмірді қолдайтынын дәлелдеді.
Эта запись также доступна на: Русский