«

»

«Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол»

     2018 жылғы 14-15 қарашада Атырау мұнай және газ институты мен Қарағанды мемлекетті техникалық университетінің студенттері Елбасы кітапханасы ұйымдастырған «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» екі күндік семинар-тренинг бағдарламасы бойынша оқуларын өтті.

           Екі күндік семинар-тренингті қорытындылаған Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова бүгінгі студенттер тобына Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғашқы Резиденциясы болған Елбасы кітапханасының музейінде оқу бақыты бұйырғанын атап өтті. Өйткені, олар Елбасымыздың бастамасымен  осы ғимаратта қабылданған еліміздің тағдырын анықтаған тарихи шешімдерді сезіне алды. Ал, Назарбаев орталығында болған Елбасымен бірегей кездесу мен сұхбат студенттердің жадында мәңгілік сақталатынын да айтты.

           Кездесу соңында Ботагөз Мұттахиденқызы студенттерді «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» оқу курсының табысты аяқталуымен құттықтап, сертификаттарды тапсыру салтанатын өткізді. Дәріс алушылар сертификаттармен бірге естелік суреттер мен Елбасы кітапханасының сыйлықтарын да алды.

w2EkEhw4h2Q

Эта запись также доступна на: Русский