2018 жылдың 17 қарашасы күні «Ақниет» ЖҚҰ-ның еріктілері Инженерлік экономика және менеджмент факультетінің белсенділерімен бірге «Құлыншақ балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін ҚарМТУ «Жастар Әлемі» Жастар сарайында «Күзгі Бал» атты қайырымдылық шарасын өткізді. Балалар Трансильванияның «құбыжықтарымен» бірге өткен квесттер мен билерден ұмытылмастай әсер алып, керемет көңіл-күйге бөленді.
Шараның соңында еріктілер балаларға арнап демеушілердің қамтамасыз еткен тәттілері мен ыстық пиццаларға толы мерекелік отырыс ұйымдастырды.
Қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға көмектескені үшін Наутбаева Умит Бериковнаға , Исатаева Дана Джанабаевнаға, Аскарова Айгерим Ойратовнаға, Тоимбекова Алия Серикхановнаға, сонымен қатар « ДоДо Пицца» мейрамханаларының желісіне алғысымызды айтамыз!
Эта запись также доступна на: Русский