2018 жылдың 22 қараша күні Бас ғимараттың 338 аудиториясында ҚарМТУ студенттері арасында «Зияткер» интеллектуалды ойындар жиының «XXI ғасыр көшбасшысы» атты финалдық ойыны өтті. Ойын тәрбие ісі жөніндегі проректор Алпысбаева Назым Амангазиевнаның «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала туралы сөзінен басталды.
Ойын 3 кезеңнен тұрды. Қазылар алқасы ретінде: патриоттық тәрбие ҒЗИ директоры – Кударинова Гүлжан Социалқызы, жастар саясаты Департаментінің әлеуметтік-құқықтық даму Орталығының жетекшісі-Серикова Айнұр Ойратқызы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы Базарбаев Медет Рысханұлы шақырылды.
«XXI ғасыр көшбасшысы» атты ойын нәтижесі бойынша «Үздік топ басшысы» номинациясында «Sunkar» (ТКФ) топ басшысы Бельгибаев Қайрат Игібайұлы марапатталды. «Зияткер» интеллектуалды ойындар жиынның қорытындысы бойынша жеңіске «Karl Marks» (ИЭМФ) , 2 орын – «Joule» (ЭАТФ), 3 орын – «Time flies» (СҚФ) тобы ие болды. «Үздік ойыншы» номинациясында «Time flies» (СҚФ) тобының қатусышысы Цхай Татьяна Андреевна марапатталды.Топтар мадақтамалармен және демеушілеріміздің сыйлықтармен марапатталды: анти-кафе «Некафе» (барлық топ мүшелеріне шектеусіз абонемент), квест «Атмосфера» (20% жеңілдік) және «Чина Капучино» тегін сусындары.
Фотосуреттерді «Вконтакте» әлеуметтік желісінен көре аласыздар
Эта запись также доступна на: Русский