«

»

Алдонгар Аделяға көмек көрсетуге бағытталған акциясы

   5 желтоқсан күні «Ақниет» ЖҚҰ еріктілері «Жастар Әлемі» Жастар сарайында Алдонгар Аделяға көмек көрсетуге бағытталған акцияны өткізді.Қайырымдылық акциясы аясында тәттілер, қолдан пісірілген нан өнімдері мен кітаптар сатылған қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар ҚарМТУ дарынды студенттері өнер көрсеткен концерттік бағдарламасы көрсетілді. Көрермендер арасында өткізілген ойындардың жеңімпаздарына ұсынған сертификаттары үшін – Аквопарк «Дельфин», @kamminail_krg, @faberlic_kz_krg09 демеушілерімізге алғыс айтамыз!

   Қазіргі уақытта жиналған 200.000 теңге Алдонгар Аделяның жеке шотына жіберілді. Шетке қалмай қол ұшын берген барлық жандарға алғысымызды білдіреміз!

                     03Zv_7V3dg0PGuV42WOZT0

Эта запись также доступна на: Русский