6 желтоқсан күні Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» бағдарламалық мақаласын және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талдау мен талқылауға жұмылдыру, әрі бағдарламаны іске асыру мақсатында Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсесімен бірге ЖОО аралық «Что? Где? Когда?» интеллектуалды ойынын ұйымдастырды. Іс-шараға Е.А. Букетов атындағы ҚарМТУ, ҚММУ, Қазтұтынуодағы ҚЭУ, «Болашақ» академиясының және ҚарГТУ студенттерінен құралған топтар қатысты.
Интеллектуалды ойынның мақсаты – студенттік жастардың зияткерлік және мәдени деңгейін көтеру, зияткерлік уақыт өткізу формасын насихаттау, университет студенттері арасындағы байланыстарды нығайтуға жағдай жасау.
Қазылар алқасы құрамында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Қарағанды облысында іске асыру бойынша Жобалық кеңсенің менеджері Санаубаева Дана Сериковна, Қарағандылық «Что? Где? Когда?» клубының жетекшісі Литвинас Алексей Арвидович, Қарағанды қаласының жастар маслихатының жетекшісі және Жастар ресурстық орталығының маманы Фрибус Алёна Алексеевна болды.
Ойынның екі кезеңінің қорытындысы бойынша жеңіске ҚарМТУ «Karl Marks» тобы жетті. ІІ орынды Қазтұтынуодағы ҚЭУ және «Болашақ» академиясының топтары бөлісті. ІІІ орынды Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ және ҚММУ студенттерінен құралған топтар иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша ҚММУ студенті Авазов Арсланбек Ғабитович марапатталды. Жеңімпаздар мадақтамалармен және іс-шара серіктестері «Kinoplexx Karaganda» кинотеатры, «DITA» сән студиясы, «Outfit» ер адамдар киім дүкенінің сертификаттарымен марапатталды.
Фотосуреттерді «Вконтакте» әлеуметтік желісінен көре аласыздар
Эта запись также доступна на: Русский