«

»

«ҚарМТУ бірінші курс студенті дебюті 2018»

   2018 жылдың 11-шы желтоқсанында К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрында «ҚарМТУ бірінші курс студенті дебюті 2018» сайысының финалы өтті. Біздің қатысушыларымызды өнер қайраткерлері, шығармашылық жолында үлкен табыстарға жеткен әділ қазылар бағалады: Жүнісов Ноян Удербайұлы, Жаманова Айгуль Бериковна, Уалиева Асель Балгашевна, Темиргалиев Даир Султанович, Смагулова Асем Мадыхановна.

   Сайысымыздың соңғы сәтінде әділқазылар қатысушыларды бағалауда қиналып, дауласуына қарамастан, жеңімпаз атағына лайықты қатысушыларымызды анықтады.

   Өнерлілер конкурсының Гран-при иегері және 20 000 теңге «Регион» таксиі және 30 000 теңге “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы” ҚБ сертификатын Энергетика автоматика және телекоммуникация факультеті алды. Бірінші орын және «Бездна» квест орталықтан 25 000 теңге сертификаты, Zheka’s донер үйінен 5000 теңге сертификатың Инновациялық технологиялар факультеті, екінші орын және демеушілерден 20 000 теңгеге сертификат «SETKA» трамплиндер орталығына және Zheka’s донер үйінен 5000 теңгенi Тау-кен факультетi иелендi, үшінші орын және «Луиджи» пиццасына және «Наше место» анти-кафесіне 10 000 теңге көлемінде сертификат Инженерлік экономика және менеджмент факультетіне берілді.

   Номинация бойынша жеңімпаздар:
«Үздік вокалдық орындау»:
І орын: Абылай Иманмагзумов (МФ)
II орын: Сарсенова Ботагөз (ИЭМФ)
III орын: Өміртаев Нұртілеу (ЭАТФ)
«Үздік би нөмері»:
І орын: ЭАТФ
II орын: ИЭМФ
ІІІ орын: ИТФ
«Ерекше жанр»:
I орын: ТКФ (мюзикл)
II орын: СҚФ (қойылым «Шабыт»)
III орын: МФ (монолог)
«Үздік аспаптық ойын»:
І орын: Абилдин Дәуірбек (ИТФ)
II орын: Валерия Штенгер (ИЭМФ)
ІІІ орын: Имирхан Дидар (ЭАТФ)
«Үздік вокалды-аспаптық нөмір»:
І орын: Чой Анастасия (КЖФ)
ІІ орын: Салютин Игорь, Ахметқалиева Камила (ЭАТФ)
ІІІ орын: Кенжегулов Адиль, Нағачбаева Балзира (ТКФ)
«Үздік флешмоб»:
І орын: ИТК
II орын: ЭАТФ
ІІІ орын: ИТФ

   Барлық қатысушыларды тағы да құттықтаймыз, оларға шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!

Фотосуреттерді «Вконтакте» әлеуметтік желісінен көре аласыздар

8DzWhdvYy80

Эта запись также доступна на: Русский