«

»

«Мейірімділік» пансионат-үйі

   2018 жылдың 28-ші желтоқсан күні «Ақниет» ЖҚҰ-ның еріктілері қарттар мен мүгедектерге арналған «Мейірімділік» пансионат-үйінде Жаңа жылға қарсы мерекелік концерт ұйымдастырды. Еріктілер Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің факультет декандар мен ПОҚ атынан алған арнайы азық-түліктер мен жеміс-жидектерді апарып берді.Сонымен қоса еріктілер Аяз-Ата мен Ақшақар болып киініп, аталар мен әжелерге мерекелі көңіл-күй сыйлады. Олармен әңгімелесіп, жас кездерін еске түсіре отыра, би билеп, көңілдерін көтеріп, келе жатқан Жаңа жылымен құттықтап қайтты.

Фотосуреттерді «Вконтакте» әлеуметтік желісінен көре аласыздар

BpXQ8iyC46w

Эта запись также доступна на: Русский