Құрметті студенттер!
1 оқу ғимаратындағы асханада «Шындық аймағы» атты сатушысыз дүкен ашылғанын естеріңізге саламыз.
«Шындық дүкені» жастар арасында жағымды қасиеттерге, ішкі мейірімділік пен адалдыққа, жастардың жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Дүкен өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылған. Бұл жерде сатушы жоқ, сатып алушылар тауар құнын кассалық қорапқа өздері қалдыру арқылы төлейді.
Құрметті студенттер сіздерді тауар сатып алу барысында адалдықтың жоғары деңгейін көрсетуге шақырамыз!
Эта запись также доступна на: Русский