«

»

«Ақниет» ЖҚҰ-ның 13 жылдығы

   2019 жылдың 16 ақпанында «Ақниет» Жастар қайырымдылық ұйымы өзінің 13 жылдығын атап өтті. Еріктілер командасы «Таңшолпан» мен «Құлыншақ» балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен бірге туған күнді тойлады.

   Еріктілер «Политехник» банкет залында 8-12 жас аралығындағы балаларға арналған үлкен, көңілді ойын бағдарламасын өткізді. Сонымен қатар балалар «Diamond baking studio» және «Didara furshet» демеушілері ұсынған тәтті тағамдарынан дәм татты.

   Бағдарлама соңында әр балалар үйіне тайм-кафе «Наше место» мен анти-кафе «Некафе» демеушілер атынан сертификаттар берілді.
Балалар ұмытылмастай әсер алып, сонымен қатар еріктілерге өздерінің таңғажайып көңіл күйлері мен қуаныштарын сыйлады!

   Іс-шараны өткізуіне көмек қолын созғандары үшін анти-кафе «Некафе», тайм-кафе «Наше место», «Diamond baking studio» және «Didara furshet»-ке алғысымызды білдіреміз!

Фотосуреттерді «Вконтакте» әлеуметтік желісінен көре аласыздар

            DBaU6C0eqzg jfTAOpPNCtY

Эта запись также доступна на: Русский