Құрметті студенттер! Келе жатқан Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесімен құттықтаймыз!
Наурыз мерекесіне орай, 19 наурыз күні «Áz Naýryz» ұлттық салт-дәстүрлер мен спорттық ойындар байқауы өткізіледі.
Сайыстың бірінші кезеңі сағат 15:00-де ҚарМТУ спорт кешенінің 3 ойын залында өтеді, жарыс келесі ұлттық спорт түрлерінен тұрады: арқан тарту, 16 кг гір көтеру және аударыспақ.
Байқаудың екінші кезеңі 19 наурыз күні сағат 17:00-де «Политехник» кафесінде өтеді, бұл сайыста таныстыратын xалықтың салт-дәстүрі мен дастарxан бағаланады.
Сайыс жеңімпаздарына іс-шараның демеушілерінен сыйлықтар мен сертификаттары күтуде!
Баршаңызды «Áz Naýryz» мейрамына шақырамыз!
Эта запись также доступна на: Русский