2019 жылдың 3-шы желтоқсанында К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрында «ҚарМТУ бірінші курс студенті дебюті 2019» сайысының ақтық кезеңі өтті. Біздің қатысушыларымызды өнер қайраткерлері, шығармашылық жолында үлкен табыстарға жеткен әділ қазылар бағалады: Жукупбаева Гулмира Серікқызы, Өміртаева Нұргүл Бақытқызы, Темиргалиев Даир Султанович, Каппарова Гульмира Кентаева, Бекмурзаев Бахтиар Перналиевич.
Сайысымыздың соңғы сәтінде әділқазылар қатысушыларды бағалауда қиналып, дауласуына қарамастан, жеңімпаз атағына лайықты қатысушыларымызды анықтады.
Өнерлілер конкурсының Гран-при иегері 50 000 теңгелік сертификат Сәулет-құрылыс факультеті алды. Бірінші орын және 30 000 теңге сертификатын Энергетика, автомаматика және телекоммуникация факультеті, екінші орын және демеушілерден 20 000 теңгеге сертификат «DOMa» мейрамханасынан және “Rolar-Space” 2-кі сағаттық тегін сертификатымен Машина жасау рфакультетi иелендi, үшінші орын және Zheka’s донер үйінен 10 000 тенгелік және “SETKA” трамплиндер орталығына 1 сағаттық тегін сертификат Тау-кен факультетіне берілді.